Кітапхана тарихы

kitaphana

1933 жылдың сәуір айында Жосалы қыстақтық кеңесінің жанынан елу дана кітабы бар «Қызыл арба» тұңғыш рет ізгілік сапарына шығып, аудандық орталықтандырылған кітапхана мекемесінің негізін қалады. Оның алғашқы ұйымдастырушысы, әрі меңгерушісі және кітапханашысы ерлі-зайыпты Шәкен, Арыскүл Пановтар болды.

Сол жылдары халыққа дорбалап жүріп кітап таратқан С.Қаленова, Н.Сұлтанова, Н.Байдашева, Б.Сарбасов, М.Жүсіповалардың еңбектері мекеме тарихына енген.

1979 жылы аудандағы барлық кітапхана бір орталыққа бірігіп, орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. 1993 жылы орталық кітапхананың 60 жылдығы қарсаңында кітапхана саны 31 болды. 1994 жылы Қармақшы аудандық ОКЖ жүйесі «Облыс жеңімпазы атағын алып», құрмет дипломымен марапатталды.

Мәдени мекемелерінің құрылымын ұтымдыландыру мақсатында кітапханалар саны 1997 жылы 18 кітапханаға қысқарды. 2004 жылы орталық кітапханада «РАБИС» бағдарламасының үш модулі орнатылды. Бүгінгі күні орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 468189 дана кітап қоры, 20965 оқырманы бар.Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1966-1987 жылдары Б.Жанахаева, 1987-1988 жылдары Б.Асқарова, 1988-1992 жылдары Б.Раева, 1992-1994 жылдары В.Еламанова, 1994-1996 жылдары Л.Бектібаева, 1996-2003 жылдары В.Еламанова директор қызметтерін атқарды. 2003 жылдан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесін К.Қаниева басқарып келеді. Кітапхана ардагерлері Қ.Аманова, ақын Н.Торманова, К.Тасболатова, Қ.Алиакбарова, М.Тауболатова, Ж.Бердібаева, Ж.Әбдікешова, З.Шаханова, Н.Жақсыбаева ауданның кітапхана ісінің дамуына зор үлесін қосты. Бүгінгі таңда кітапханашылар З.Садақбаева, Б.Раева, Г.Шайманова, Г.Сәрсенова, Л.Сыздықова, Р.Сәрсенбаева, А.Аманова, А.Қарашаевалар халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, ел арасына ғылым мен білімнің, ізгілік пен парасаттың нұрын сеуіп келеді.

Қармақшы ауданы туралы

Мекен-жайымыз

Печать
icon

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

EXPO 2017