Әкімшілік

Kanieva-KҚаниева Күлшара Бөгенбайқызы 1967 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

1974-1984 жылдары Жосалы кентіндегі №105 мектепте білім алып, 1984-1988 жылдары Алматы қаласындағы Қыздар Мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, бітіріп шықты.
Өз еңбек жолын 1988 жылы Майлыөзек бөлімшесінің №8 филиал кітапханасында кітапханашы болып бастады. 1989 жылдан 1993 жылдар аралығында аудандық кітапхананың әдістеме-библиография бөлімінде библиограф.1993 жылдан 1995 жылдары балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер, 1995 жылдан 2003 жылдары әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Өзінің біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен маман 2003 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып тағайындалды. Осы қызметті бүгінге дейін абыроймен атқарып келеді.

2003 жылы Павлодар, 2004 жылы Ақтөбе, 2005 жылы Шымкент қалаларында өткен «Кітапхана астаналарына» қатынасып, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасты.

2007 жылы Астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Халықаралық оқу» конгресіне, 2014 жылы Алматы қаласында өткен «Кітапхана ХХІ ғасырда» атты халықаралық конференцияға қатынасты.

К. Қаниеваның жұмыстағы табандылығының арқасында қазіргі уақытта ауылдық жердегі кітапханалар заман талабына сай жабдықталып, оқырманның талап-тілегін қанағаттандыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық мағлұматтар қоры молайтылып, ақпараттық технологияларды пайдалану жолға қойылған. Сонымен қатар, аудандағы кітапханалар компьютермен қамтамасыз етілген, электронды каталог жұмыс жасайды, 6 кітапхана интернет желісіне қосылған.

2002 жылы «Үздік кітапхана мекемесі» облыстық байқауына Жаңа жол ауылдық кітапханасын қатынастырып «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясымен марапатталды.

2014 жылы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Үздік кітапханашы-2014» байқауына ІІІ-Интернационал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Р. Тұрманованы қатынастырып ІІ орын жеңіп алды.

2014 жылы Дүр Оңғар, Ақай ауылдық кітапханаларын Модельді ауылдық кітапхана етіп ашты.

2005 жылы аудан әкімінің, 2011 жылы облыс әкімінің, 2013 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» облыстық ұйымының төрағасының, 2014 жылы «Нұр Отан» партиясы ҚОФ Төрағасының, облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен марапаталған.

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін14
Кеше62
Осы аптада122
Осы айда1856
Барлығы58772

Сайтта қазір
1
Online