
Кенжалы би
Ақтөбе ауылдық кітапханасында ақын И. Бекмаханұлының Кенжалы би кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітап Алматы қаласындағы «Мерей» баспасынан 2016 жылы шыққан. Кенжалы би шешендік өнердің көрнекті өкілі, халық арасында діни ағартушылық қызметімен және көріпкелдік қасиетімен де кеңінен танымал тұлға.
25 жұлдызды күн
Әлемнің саяси картасында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан жаңа дәуір – Тәуелсіздік тарихы басталды. Азаттықтың ақ жолымен адаспай алға басып, келешектің керуеніне ілескен Қазақстан небір сындарлы сынақтардан аман өтіп, бірліктің
Айбынды әскер- Тәуелсіздік тірегі
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қалалық кітапханада әскер қатарында борышын өтеп келген сарбаздардың және Ауған соғысының ардагерлерінің қатынасуымен «Айбынды әскер- Тәуелсіздік тірегі» атты кездесу кеші болып өтті.
Дарабоз дарын, дүлдүл жыр
«Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат еткен қайсар ақын Қасым Аманжоловтың 105 жасқа толуына байланысты Қармақшы ауылдық кітапханасынада «Дарабоз дарын, дүлдүл жыр» атты оқырмандар арасында «тапқыр достар» атты сайыс болып өтті.
Өрелі сөзбен өрнек салған ақын
Ақтөбе ауылдық кітапханасында ақын К. Ахметованың 70 жылдығына орай «Өрелі сөзбен өрнек салған ақын» атты поэтикалық алаң болып өтті .Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді.
Кел, балалар, оқылық
Жарқын ғұмырын ағартушылық іске арнаған, қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толды. Көмекбаев ауылдық кітапханасы және №185 орта мектептің педагогикалық ұжымымен бірлесіп, «Кел, балалар, оқылық» атты