Негізгі бет

Сафуан 1

Повестеріндегі басты кейіпкерлер Қарғаш, Лезбай, Бағдан мен Әспет, Сапар – өз замандастарының мұңы мен қуанышының

айнасы іспеттес. Оның «Ит ашуы»

шығармасын оқу барысында адам жанын жетік білетін, жан сұлулығын ардақтайтын суреткер екендігіне көзіміз жетеді. Көзқарасының сергектігі, өмір құбылыстары туралы ой-тұжырымдары Сафуан Шаймерденовтың өзіндік ерекше шығармашылық қабілетін танытты, жақсы мінез-құлықты, адамгершілікті аялай білетін қаламгер екеніне сендіре білді. Дарынды жазушының шығармасында адам тағдыры, оның жеке бас ерекшелігі, азаматтық, адамгершілік тұлғасы алдыңғы қатарға шықты. Бір сөзбен айтқанда, Сафуан Шаймерденов – жақсылық пен жамандық, ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан еңбек еткен тұлға. Оның шығармасындағы кейіпкерлер шындық пен әділдік іздеп шарқ ұрған тұлғасы арқылы өз кезеңінің сипатын аңғартады. Жазушы адам характерін ашу жолында лиризм мен психологизмді нәзік ұштастыра білген. Осы мүддеден шыға білу жазушыдан үлкен шеберлікті талап етсе керек. Оның адамгершілік мәселесіне аса ден қойып, адамның ішкі рухани әлемін психологиялық шеберлікпен суреттеуге ұмтылуы әдебиетте әлеуметтік-психологиялық повестердің бой көтеруіне игі әсер етті.

 

Сафуан 3

Сафуан 2

14.07.2022 жыл

 

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін51
Кеше101
Осы аптада210
Осы айда2827
Барлығы50520

Сайтта қазір
1
Online