Негізгі бет

IMG-20200610-WA0012

Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайларға байланысты біз кітапханашылар өз жұмысымызды онлайн түрде өткізіп, оқырмандарымыздан мейлінше қол үзбеуге тырысып жатырмыз.  Үстіміздегі жылдың мамыр айының 5 күні  Фейсбук желісінде қалалық кітапхана парақшасында Айман Қодармен «Тағылымы мен тәлімнің тамыры үшін тірескен» атты онлайн түрде тікелей эфирде кездесу болып өтті. 

Айман Қодар түркітанушы, ақын, Сарбонна университетіннің  француз тілін бітірген, нумеролог. «Тамыр» журналының бас-редакторы, жергілікті ақын, мәдениеттанушы, көркемсөзші, философия ғылымының кандидаты, 1988 ж. СССР Жазушылар Одағының мүшесі, 1989-1996 жж. Қазақстан Жазушылар Одағының жанындағы көркем аударма және әдеби байланыс жөніндегі бас редакциялық коллегияның редакторының қызметін атқарған, «Тамыр» журналының негізін қалаушы Әуезхан Қодардың қызы. Айман Қодармен кездесудегі мақсат – Әуезхан Қодар туралы естеліктерді Айманның өз аузынан есту. Кездесуде Айман әрдайым әкесінің туған жерін айта отырып, әр адам өз шыққан жерін, тамырын ұмытпау керектін айта отырып, интелектуалды, философиялық «Тамыр» журналының не себепті шыққанын айта кетті. Өз әңгімесінде Айман әкесінің жусан туралы тебірене айтқан әңгімесі, оған арнап шығарған өлеңі жайында айтып, бірнешеуін оқып берді. Абай өлеңіне аударма жасай жүріп, талдауын Айманмен жасай отырып, Әуезхан ағамыз Айманды  Абай өлеңдерімен сусындатып өсірген екен. Бұған себеп Айманның өлең жазатындығында. Кездесу барысында тікелей эфирге қатысушы оқырмандар Айманға батасын беріп, әкесінің жолын қуғанына ризашылығын білдіріп, тілектерін айтып  жатты.

     Айманның ендігі мақсаты әкесінің мұраларын 10 томдық  жинақ етіп шығару екен.  Әке атын асқақтатып, оның мұрасын жалғастырып, онымен бөлісіп жатқан Айман сізге  үлкен рахмет айта отырып шығармашылық табыс, бақыт тілейміз! Өз кездесуінде Айман әкемнің шығармалары барда, оқырмандар сіздер барда әкем тірі деп сөзін аяқтады. Әрине Әуезхан  ағамызды туған жері ешқашан ұмытпақ емес! 

 

IMG-20200610-WA0013

05.05.2020 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін8
Кеше60
Осы аптада305
Осы айда1989
Барлығы3048

Сайтта қазір
1
Online