Негізгі бет

IMG-20200610-WA0015

 

Сазгер Ляйла Сүйінбаевамен «Сезім сырлары» атты онлайн кездесу

Қармақшы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 22 сәуір күні жерлесіміз сазгер Ляйла Сүйінбаевамен

 

«Сезім сырлары» атты  онлайн кездесу өткізілді. Кездесу кітапхананың әлеуметтік желідегі Facebook ресми парақшасында өтті. Ляйла Сүйінбаева  - Сыр бойына белгілі жырау шежіреші, ұлағатты ұстаз Сүйінбай Ақбаевтың немересі.  Ляйла 1979 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп әуез мектебінің баян класына қатысып, жайлеп әндер шығара бастаған. 1994 жылы Қызылорда музыкалық колледжіне хор-дирижер мамандығы бойынша оқуға түсіп,  1998 жылы үздік қызыл дипломмен тамамдады. 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінің жырау, профессор Алмас Алматов басқарған «Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығына оқуға түсіп, 2003 жылы ойдағыдай аяқтады. Қорқыт Ата мемлекеттік университеті жанынан ашылған «Тұран» халықаралық мәдениет орталығында екі жыл жұмыс атқарды, 2008 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №6 Мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Балалармен жұмыс жасау арқылы ән шығару мен айналысып келеді. Мектеп кітапханасындағы балалар ақыны Р.Наурызбаеваның Этнопедагогика кітабы ұнап, ақынның өлеңдеріне ән шығара бастады.  2013 жылы Астана қаласында өткен республикалық «Жаңа леп» балалар, жасөспірімдерге арналған байқауда ақын Р.Наурызбаеваның сөзіне жазылған «Тілашар» әні басжүлдеге иеленді.  Осы ән әндер жинағының дискісі мен кітапшаға енді. 2016 жылы музыкалық колледжде шығармашылық кездесу кеші өтті. 2019 жылы «Ұлттың  ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінде вокаль бөлімі бойынша ақын О.Базаралиевтың сөзіне жазылған «Анашым» әні 2 орын иеленді. 2020 жылы Халықаралық байқауда «Мәңгілік ел  болашағы»  атты байқауда әні бас жүлдені иеленді.  Республикалық Астана қаласында өткен «Алаш ұландары» атты жобада этрадалық вокаль  номинациясы бойынша «Тілашар» әні бас жүлде иеленді.  Ақындар О.Әбділдәиұлы, О.Базаралиев,Л.Әбдіхалықованың өлеңдеріне әндер шығарған. Ақын Р.Наурызбаеваның 25 өлеңіне ән шығарған. Қазіргі таңда 60-қа жуық әндері бар. Әндерінің тақырыптары лирикалық, патриоттық, балалар әндері. Ляйланың алға қойған мақсаты – әндерін диск және кітапша етіп шығарып, шығармашылық кеш өткізу. 

Тікелей эфирге қатысқан  оқырмандар сазгерге түрлі сұрақтар қойып, өнеріне шығармашылық табыс тіледі. 

 

IMG-20200610-WA0016

                                                                                                               22.04.2020 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін8
Кеше60
Осы аптада305
Осы айда1989
Барлығы3048

Сайтта қазір
1
Online