Негізгі бет

 

25425963

Орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Туған өлке мәдениеті, өнегелік құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жауһар жыр» жобасы жасалған болатын. Осы жобаға орай ұйымдастырылған

ауданымыздың ақын-жазушылардың басқосуы ашық пікір алмасу форматында өтті. Ашық пікір алмасыда ауданымыздың ақын – жазушыларының өрнегі мол жырларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру жайлы айтылды. Онда тақырыпқа сай өз ойларын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Ә. Құлдүйсенов, «Ұлт бірлігі- Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Құндақбаев, аудан әкімінің кеңесшісі Д. Нәзікбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Наурызбаева журналистер Н. Жанәділов, С. Райымбаевалар ортаға салды. Ақындарымыз О. Тынымбаева, Д. Тілеубергенов, З. Тасымова, Г. Қайнарбаевалар– ұлтымыздың рухани құндылықтарын, философиясын, поэзиясын өскелең ұрпақтарға жан-жақты насихаттау; әдеби-көркем шығармашылықты дамыту үшін жастарға барынша қолайлы жағдай жасау, жас дарындарға қолдау көрсету мақсатында рухани орта әдеби бірлестік құру керектігін айтты. Журналист Н. Жанәділов «Тұрмағамбет атындағы» ақын-жазушылар бірлестігі бар соның жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Басқосуда бірлестіктің төрағасы алқа мүшелері сайланды. «Тұрмағамбет атындағы» ақын-жазушылар бірлестігіне поэзия, прозаға әуестеніп, әңгіме, эссе, жыр жазумен шұғылданатын, яғни сөз өнерін сүйетін кез келген тұлға мүше бола алады. Кітапхана директоры К. Қаниева, бөлім меңгерушілері Б. Раева, Л. Сыздықовалар ақын- жазушыларымыздың кітапханаларда шығармашылық кештерін өткізу сондай-ақ кітапхана мен оқырман, оқырман мен автор арасындағы байланысты нығайта түсу керектігін айтты.

 

555

 

5858

 

58636

 

                                                                       12.06.2018 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін32
Кеше51
Осы аптада341
Осы айда720
Барлығы14956

Сайтта қазір
1
Online