Негізгі бет

  IMG-20180504-WA0038Бүгін орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен

 "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында ақын, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары мен даңқы аңызға айналған қолбасшы, әрі қарымды қаламгер Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесінен әдеби марафон болып өтті. Әдеби марафонның мақсаты - оқушыларды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін және бабалардан қалған ұлы мұраны, рухани құндылықтарды қастерлеуді қалыптастыру. Оған кітапхана оқырмандары, жергілікті ақын Дастан Нәзікбаев, ішкі саясат бөлімінен Ерманова Толғанай, "Қармақшы таңы" газеті редакциясынан тілші, кітапханашылар, мұғалімдер, оқушылар қатынасты. Ақын - жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан слайд көрсетілді. №26 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің  8 "б" оқушылары Шәкәрімнің шығармаларынан өлеңдер оқыса, 10 "б" сынып оқушылары "Ұшқан ұя" шығармасын толығымен баяндап жеткізді және шығармадағы аңыз - ертегі бойынша буктрейлер көрсетілді. Кеш соңында кітапхана директоры К. Қаниева белсене қатысқан оқушыларды "Алғыс хатпен" марапаттады.

IMG-20180504-WA0004

 

IMG-20180504-WA0001

IMG-20180504-WA0002

 

IMG-20180504-WA0007

 

 

                                                        04.05.2018 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін28
Кеше51
Осы аптада337
Осы айда716
Барлығы14952

Сайтта қазір
3
Online