Негізгі бет

Аудандық балалар кітапханасында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай "Алғыс - сөздің асылы" атты қызықты сағат болып өтті. Алғыс айту күні - күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күн.

Мақсаты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Қызықты сағатқа Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Қаниева, кітапхана қызметкерлері: Л.Сыздықова, Г.Сарсенова, Г.Шайманова, А.Сайлыбаева қатысты. Сонымен бірге Омар Шораяқұлы атындағы № 30 мектептің кітапханашысы М.Берманова және 5 сынып оқушылары алғыс жайлы өлеңдерін оқыды. Қатысқан қонақтар өз тілек - лебіздерін білдірді. Қызықты сағатты ОКЖ директоры Г.Қаниева қорытындылады.

 

28576736 359295551215829 7641791810580470747 n

 

 

 

                                                       2 наурыз 2018 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін15
Кеше85
Осы аптада410
Осы айда324
Барлығы5534

Сайтта қазір
1
Online