Негізгі бет

  Қармақшы аудандық кітапханасында 16 ақпан күні Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы “Рухани қазына” кіші бағдарламасы және “Жауһар жыр” жобасы аясында, Қармақшы ауданының 90 жылдығына орай ақын Алтай Үсенұлының “Өміршебер” атты кітабына тұсау кесері болып өтті. Кешті оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

Сыздықова Ләйля жүргізіп отырды.Жүргізу барысында ақынның өмір жолдары ,кештің мақсаты жәйінда оқырмандарға бағыт беріп отырды. Ақын А.Үсенов оқырмандарға жалпы әдебиет туралы өзінің лебізін білдіріп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Кешке ақын Алтай Үсенов, Дастан Нәзікбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Айдаров, кент ардагер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, журналистер одағының мүшесі, Рәшит Жарылқасынов, Сариев Орынбасар, “Қазақ тілі” қоғамы төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, Тұрмағамбетова Ұрхия, Ерболатов Мәскеу, Пірімжаров Аманжол, Ұзақбаев Ерболат, т.б. ардагерлер, кітапхана оқырмандары, Дінкешова Лиза т.б. Агротехникалық колледждің студенттері және №26, №250 мектептің оқушылары қатысты. №250 дарынды мектептің оқушылары Өтетілеу Сымбат пен Попова Ира және  №26 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары Ефенова Гауһар, Құлтаев Сағындық, Нағыметова Ұлдана, Сақтапберген Арман, Қылышбаева Нұршат  пен Қармақшы ауылының тұрғыны студент Қондыбеков Орынбек ақынның өлеңдерін оқыды. Ақынның “Қымбатсың адам өмірі” өлеңін Жырау Ешбаева Айгерім мақаммен орындап шықты. Кешке қатысқан қонақтар өз пікірлерін ортаға салды. Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, Ақын Д.Нәзікбаев, Журналистер одағының мүшесі Р.Жарылқасынов, оқырман Ү.Тұрмағамбетова лар өз пікірін ортаға салды. Кешке барлығы 73 оқырман қатысты. Ақын Алтай Үсенұлына аудандық кітапхана сый-сыйапат тапсырды. Кешке белсене қатысқан оқушылар  да алғыс хатпен марапатталды.  Кеште ақынның шығармашылығы жәйінда бейне ролик көрсетілді.IMG20180216170626IMG20180216165108

                                                              

                                                                            16 ақпан 2018 жыл

   

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін15
Кеше85
Осы аптада410
Осы айда324
Барлығы5534

Сайтта қазір
1
Online