Негізгі бет

      23722419 247745632423620 4528972956130458697 n Аудандық орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Дүлдүл ақын, дүлей жыр" атты әдеби кеші болды. Кеш С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған "Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт" атты кітап көрмесін таныстырумен басталды. Кітап көрмені кітапханашы Ә.Өтегенова таныстырып өтті.

Кеш барысында кітапханашы Д.Қосназарова ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұматтар берді. Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектептің 8 "а", 10"б" сынып оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің оқушылары А.Жұбатқанова мен Н.Қылышбаевалар "Балбырауын", "Көңіл толқыны" күйлерін шертті.Кеш соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.

 

23621443 247745725756944 5743441633802649455 n23561582 247745655756951 5538283255216571701 n

 

 

 

 

                                                                          17 қараша 2017 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін15
Кеше85
Осы аптада410
Осы айда324
Барлығы5534

Сайтта қазір
1
Online