Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел
болып саналады және EXPO көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатынасып келеді. EXPO көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Биыл Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтеді. Осындай маңызы зор әлемдік деңгейдегі іс-шараны насихаттауға орай орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «ЭКСПО-2017-егемен елдің жеңісі» атты кең көлемді суретті кітап көрмесінің тұсаукесерін өткізді.