Ақтөбе ауылдық кітапханасында ақын И. Бекмаханұлының Кенжалы би кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітап Алматы қаласындағы «Мерей» баспасынан 2016 жылы шыққан. Кенжалы би шешендік өнердің көрнекті өкілі, халық арасында діни ағартушылық қызметімен және көріпкелдік қасиетімен де кеңінен танымал тұлға.
Кітапта ұрпақтар сабақтастығының үзілмес жолына кең орын берілген.Ұрпақ тәрбиесіне ой саларлық өнегесі мен тағылымы мол кітап жалпы көпшілік оқырманға арналған. Кітап еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту болмақ.