Әлемнің саяси картасында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан жаңа дәуір – Тәуелсіздік тарихы басталды. Азаттықтың ақ жолымен адаспай алға басып, келешектің керуеніне ілескен Қазақстан небір сындарлы сынақтардан аман өтіп, бірліктің
арқасында бүтіндік пен береке болатынын айдай әлемге айғақтады. Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» жобасы аясында «ХХІ ғасыр-Қазақстанның жұлдызды ғасыры» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесімен оқырмандарды кітапханашы Д. Қосназарова таныстырды.